Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Тілеп Ібайдулла Тілепұлы

№5 «Абай» сайлау округінен сайланған

облыстық мәслихат депутаты,

Экономика, қаржы және жергілікті басқару

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

 

1959 жылы Қазалы ауданы, Бозкөл ауылдық кеңесінде дүниеге келген.

1980 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумының механика бөлімін, 1989 жылы Қазақтың ауылшаруашылық институтының инженерлік-механика факультетін бітірген.

1980 жылы Қазалы су торабының дизель-электр стансасында машинист болып бастаған.

1985 жылы №64 жылжымалы мехколоннада шебері.

1986 жылы Қазалы су торабында механик.

1987-1992 жылдары «Ремводстрой» тресі Қазалы автоколоннасының бастығы.

1993-1994 жылдары Қазалы аудандық суландыру жүйелері басқармасында бас механик.

1995-1997 жылдары №64 жылжымалы мехколоннада бас механик.

1997 жылдың маусым айында кәсіпкерлікке бет бұрып, «Фирма Тілеп» жеке фирмасын ашқан. Қазіргі таңда «Фирма Тілеп» ЖШС директоры.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігіне–10 жыл», «Астана қаласына–10 жыл», «Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігіне–20 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен, ҚР «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медалімен марапатталған. Облыс, аудан әкімдерінің бағдарламалары мен шешімдерін орындауда жоғары жетістіктерге жеткені үшін «Үздік кәсіпкер» атағына ие болған.

Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Қызылорда облыстық мәслихатының ІІІ, ІV, V шақырылымдарының депутаты болып сайланған. VІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты дәстүрлі Жолдауын басшылыққа алып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, халықтың «Қазақстандық арманға» жетуіне үлес қосу, ел бірлігін сақтауға, кемел келешекке деген сенімін арттыруға атсалысу.

– Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы «Таза ауыз су» бағдарламасы аясында жүргізілген су құбыры арқылы сервистік жүйеге қосылмаған үйлерге қаржы көзін қарастырып, қосылуына ықпал ету.

– Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының шет аймағына орналасқан тұрғын үйлерге жоғары кернеулі электр желісін жеткізу мақсатында қосалқы станциялар орнату үшін қаржы бөлуге жұмыс жасау.

– Әйтеке би кентінде 300 орындық мектеп құрылысының салынуына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаржы бөлудің жолын қарастыру.

– «Білімді ұрпақтың болашағы жарқын» бағдарламасы негізінде жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуге, Елбасының «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыруға атсалысу.

– Аудан кәсіпкерлерімен бірлесе отырып «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заңды жүзеге асыруға жұмыс жасау.

– Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кенті тұрғындарын газдандыруды 2016 жылы толық аяқтауға және келешекте өзге елді мекендерге көгілдір отын жеткізуге күш салу.

– Елбасының «Бес реформа: 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын» орындауды жүзеге асыруға атсалысу.

 

 

Құрылған күні: 02-02-2015 12:35
Жаңартылған күні: 22-04-2016 15:47

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика