Құрметті Қызылордалықтар!

 

Жергілікті жердегі мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін атқарушы органдар мен халық сайлайтын және халықтың еркін білдіретін уәкілетті органдардың алдындағы мақсат ортақ, ол-халыққа адал қызмет ету.

Жасалынып жатқан әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларыңың іске асырылуына облысымыздың қарқынды даму деңгейі дәлел бола алады. Осы ретте өңіріміздің дамуына облыстық мәслихат депуттарының да қосып жатқан үлесі мен облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелері аз емес.

Қайсыбір шақырылымдағы мәслихат болмасын, қабылдаған оң шешімдермен, бітірген ісімен із қалдыратыны анық. Бұл ретте 6 шақырылған облыстық мәслихат депутаттарының барлығы да білікті, білімді, тәжірибелі азаматтар. Халық қалаулыларының барлығы дерлік мекеме басшылары, сонымен қатар кәсіпкер азаматтар. Облыстық мәслихатқа жиырма тоғыз округтен депутат сайланды. Тәжірибелі депутаттар аз емес, жастар да бар. Әр депутаттың өз сайланған округі бойынша міндеттелген тапсырмалары бар.  Депуттар әркез сайлаушыларының алдында есеп беріп отырады. Халық қалаулылары өздеріне заңмен жүктелген  депутаттық міндеттерін барынша адал атқарып жатыр.

Осы ретте, өздеріңіздің ұсыныстарыңызды енгізіп, сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндіктеріңіз бар.

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы

 

Қызылорда облыстық мәслихаты лауазым иелерінің

азаматтарды қабылдау

КЕСТЕСІ

 

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін лауазымды

адамның тегі,

аты жөні

Азаматтарды қабылдайтын адамның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

 Бисенов

Қылышбай

Алдабергенұлы

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

Бейсенбі

сағат

15.00-17.00

Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, № 1

605401

Ідірісов

Бақытжан

Жеткреұлы

 

«Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» ММ басшысы

Сейсенбі сағат

15.00-17.00

Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, № 1

605399

 

 

Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы

№ 17 «Мектеп» сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты, 

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

 

1957 жылы 21 шілдеде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында   дүниеге келген.

Білімі жоғары, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1979ж) үздік дипломмен  бітірген.

1979 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында "Темірбетон құрастырмалары" кафедрасында стажер-зерттеуші болып бастаған.

1980 жылдан бастап Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында оқытушы болып еңбек еткен.

1985 жылы Мәскеу қаласында Бетон және темірбетон ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық дисертация қорғаған.

1995 жылы Ресей Федерациясы Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында докторлық дисертацияны қорғаған.

1986-1990 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында аға оқытушы, факультет деканы, директордың орынбасары болып қызмет атқарған.

1990-1996 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші орынбасары болған.

1996-1998 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының ректоры.

1998-2007 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры болып еңбек еткен.

1996-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының үш мәрте сайланған депутаты.

2006-2007 жылдары "Нұр Отан" ХДП Қызылорда филиалының төрағасы болып сайланған.

2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ІV шақырылымының депутаты болып сайланып, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі болған.

2011 жылдың 12 тамызы мен 2019 жылдың 21 қаңтар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарған.

2019 жылдың 21 қаңтар айынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сәулет және құрылыс өндірісі кафедрасының профессоры.

2019 жылдың 5 сәуір айынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректордың ғылыми және қоғамдық байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарып келген.

2012 жылдың қаңтарынан Қызылорда облыстық мәслихатының V, VI шақырылым депутаты.Облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

2019 жылдың 5 қыркүйегінде Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне сайланды.

Отбасылы, төрт бала және немерелер тәрбиелеп отыр.

 

 

 

 

 

 

Құрылған күні: 02-02-2015 10:50
Жаңартылған күні: 01-10-2019 11:12

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика