Қызылорда қаласының даму стратегиясы бекітілді

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Қылышбай Бисенов төрағалық еткен сессияға облыс әкімінің орынбасарлары,  облыстық мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау және атқарушы органдарының аумақтық бөлімдерінің басшылары, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

Сессия күн тәртібіне ұсынылған «Қызылорда қаласының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын бекіту туралы» мәселесі бойынша Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов хабарлама жасап, даму стратегиясының жобасында қаланың сәулеттік келбеті ретке келтірілген, жаңартылған, креативті жаңа салалармен толықтырылатындығын жеткізді. Одан соң,  «ГеоДатаПлюс» ЖШС-нің директоры Людмила Кузнецова қаланың даму стратегиясын әзірлеу жұмысы кезінде өңіріміздің өзгешелігі назарға алынғандығын айтып өтті.

Депутат Ибайдулла Құттықожаев аталған мәселе бойынша ұсынылған жаңа жобалар мен болашақта жасалатын жұмыстарға депутаттық қолдауын білдірді. Депутат Тілеуберген Шаутай халықты қолжетімді ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін, қалаға жақын орналасқан елді мекендермен де жоспарлы түрде жұмыс жасалуы қажет екендігін және қаланың сәулет құрылысында  ұлттық нақыштағы архитектураға көңіл бөлінсе деген өз ұсынысын айтып өтті.

Сессия барысында депутаттар тарапынан болған ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, шешім қабылданды.

 

 

Қазақ
Фото новости: 
Категория: 
Құрылған күні: 13-11-2019 10:39
Жаңартылған күні: 13-11-2019 10:39

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика