ҚҰТТЫҚОЖАЕВ ИБАЙДУЛЛА ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ

№ 14 «Қызылжарма» сайлау округінен  сайланған

облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі,  

Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

 

1957 жылы 10 қаңтар Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1979 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының физика пәнінің мұғалімі, 2000 жылы Москва қаласындағы Мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін экономист мамандығы бойынша  бітірген.

2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ  мемлекеттік  ұлттық   университетінде философиядан ғылым кандидаттығын қорғаған.

Еңбек жолын 1974 жылы ОРС-НОД мекемесінде жұмысшы,  №181 орта мектептің мұғалімі, №144 орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған.

1993-1998 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің инспекторы, қала әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің маманы, консультанты, Қызылорда қалалық жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы, қалалық ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.

1998-2004 жылдары облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.

2004-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

2007-2016 жылдары төртінші және бесінші шақырылымдарда Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы.

 2016 жылдың сәуірінен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хаты, төсбелгісі «Қазақстан Республикасы  Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне–20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына-20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына-20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына-20 жыл», «Астана–10 жыл», «Қызылорда облысына–70 жыл», «Қызылорда қаласына 190 жыл» мерекелік  медальдарымен марапатталған.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

Қызылорда қалалық мәслихатының ІV және V шақырылымдарының депутаты болып сайланған. VІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

 «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

- «Ұлт жоспары - 100  нақты қадам»  -  5 институттық реформаны және «Нұр Отан » партиясының  «Қазақстан-2021: Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық»  сайлауалды  бағдарламасын жүзеге асыруда жоспарланған жұмыстардың орындалуына үлес қосу.

-  № 14 «Қызылжарма»  сайлау  округі бойынша білім беру,  денсаулық сақтау,  мәдениет, спорт салаларының талап деңгейіндегі қызметін және қүнделікті   тіршілікке қатысты мекемелердің қалыпты  жұмыс жасауын қадағалап отыру (су, жарық, жолаушылар көлігі, қоғамдық тәртіп, почта, телефон байланысы т.б).

- «Қосшыңырау», «Қарауылтөбе», «Қызылжарма» ауылдық округтері бойынша  қоғамдастық мүшелерімен алдағы жұмыстарды жоспарлау, қордаланған мәселелерді шешуге бірлесе жұмыс жасау, өзін-өзі басқару бағытындағы жұмыстардың қалыптасуына қолдау көрсету.

- «Гагарин», «Титов»  елді мекендері мен «Спецавтобаза» маңындағы үйлердің инфрақұрылымын жақсартуға  жұмыс жасау. «Қызылжарма» а/о мен «Титов» елді мекенінің арасын қосатын жолды ретке келтіру, тас төсеу, асфальттау.

- Халықтың  әл-ауқатын  көтеру, тұрмыс жағдайын жақсарту  мақсатында жұмыссыздарға жаңа кәсіби мамандықтар игеруге, қайта даярлау курстарынан өтуге, жұмысқа тұруына және кәсіпкерлікпен айналысуына шағын несиелер алуына қолдау көрсету.

- Көп балалы аналар, қариялар мен жетім балалардың, мүгедектердің - мемлекет және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылып жатқан  қамқорлық шараларынан тыс қалмау.

- Салауатты  өмір салтын қалыптастыру. Жастар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу мақсатында спорттық, мәдени, әлеуметтік шаралардың  ұйымдастырылуына тиісті орындармен жұмыс жасау.

- Бюджет  қаражатының  тиімді игерілуін қадағалау, сыбайлас жемқорлыққа  қатысты  кез-келген әрекеттің алдын алу.

- Елді мекендердің  экологиялық хал ақуалын жақсартуға, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына, жеміс-жидек, бақша  дақылдарын егуге қолдау көрсету.

 

 

 

Құрылған күні: 02-02-2015 12:33
Жаңартылған күні: 22-04-2016 15:08

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика