ҚАСЫМОВ ҚАЛМЫРЗА АЙДАРҰЛЫ

№ 25 «Шиелі» сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты,

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

 

1961 жылы 01 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі қыстағында дүниеге келген.

Жамбыл технологиялық институтын, Тараз Мемлекеттік Университетін инженер-механик, инженер-электрик мамандықтары бойынша бітірген.

1978-1979 жылдары «Казсельхозтехника» МТС базасында жұмысшы.

1984-1985 жылдары Семей «Кожмехобъединение» бірлестігінде инженер-энергетик.

1985-1986 жылдары Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген.

1987-1997 жылдары ПМК № 31 ПСЭО «Қызылордамелиорация» мекемесінде аға инженер-энергетик.

1997-1999 жылдары «Мемлекеттік энергия қадағалау» комитетінің Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша инженер-инспектор.

1999-2002 жылдары «Шиелі-Жарығы» ЖШС директорының орынбасары.

2002 жылдан «Шиелі-Жарығы» ЖШС директоры.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің-20 жылдығы», «Қазақстан мәслихаттарына-20 жыл» мерекелік медальдарын иеленген 2009 жылы Қазақстан электроэнергетика қауымдастығының «Еңбегі сіңген энергетик» атағы берілген. Бірнеше мәрте облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.  

Отбасылы, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Шиелі аудандық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты болып сайланған. VІ шақырылған  Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

- «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының 17-ші съезінде қабылданған «Қазақстан-2021, Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын негізге алып жұмыс жасау.

- «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын негізге алып, Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін арттырып, ұлтаралық татулықты сақтау жолында жұмыс жасау.

- Облыстық мәслихат депутаты өкілеттігі аясында аудандағы өзекті мәселелерді облыс деңгейіне көтеру.

- Отандық бизнесті қолдау мақсатында:

жергілікті кәсіпкерліктің әлеуметін күшейтуге;

жергілікті өнім өндірушілер, қызмет берушілердің жергілікті қамтуын арттыру арқылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасау.

- Сайлаушылармен жиі кездесулер ұйымдастырып, көкейкесті мәселелеріне сергек қарап, олардың заң жүзінде шешілуіне атсалысу.

- Индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау,сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жұмыс жасау.

- Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына атсалысу.

Коммуналдық және ақылы көрсету сапасын арттыруға өз өкілеттілігімен ықпал жасай отырып, қызмет берушілердің тұтынушы алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал ету арқылы тұтынушы құқығын қолдауға атсалысу.

 

Құрылған күні: 02-02-2015 11:46
Жаңартылған күні: 22-04-2016 15:07

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика