Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қызылорда облысының қоғамдық кеңесі құрамының

мүшесін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы

 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашадағы № 383-V Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес құрамынан шығып қалған бес мүшесінің орнына сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Осы Қоғамдық кеңес құрамын толықтыру бойынша сайлау үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2019 жылғы 13 қарашадан бастап 26 қараша күні сағат 19:00-ге дейін  қабылданады.

 

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:

120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 1.

№ 229 бөлме, байланыс телефоны – 605401,

электрондық мекен-жай: kyz_oblmaslikhat@mail.ru

Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 19:00-ге, үзіліс: 13:00 - 15:00-ге дейін.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Қызылорда облысында тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1. сотталғандығы болмауы;

2. сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;

3. психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

жөніндегі жұмысшы тобы

Қазақ
Фото новости: 
Категория: 
Құрылған күні: 13-11-2019 16:51
Жаңартылған күні: 13-11-2019 16:46

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
12 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика