Ерхатов АМАНБАЙ ЕЛЕУҰЛЫ

№ 6 «Аранды» сайлау округінен сайланған

облыстық мәслихат депутаты,

Өндіріс және шаруашылық салалары, қоршаған ортаны қорғау

және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану 

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

 

1960 жылы 26 ақпанда Қазалы ауданы, Майдакөл елді мекенінде дүниеге келген.

1977 жылы Майдакөл ауылындағы № 98 орта мектепті бітірген.

1978-1981 жылдары «Октябрь» атындағы кеңшарда көлік жүргізуші.

1981-1985 жылдары ішкі істер органында қызмет атқарған.

1985-1991 жылдары Қызылорда локоматив пайдалану депосында тепловоз машинисі.

1991-1997 жылдары Бекарыстан би ауылында шаруа қожалығының төрағасы.

1999-2011 жылдары «Бақыт» шаруа қожалығының төрағасы.

2011 жылдан  «Қызылорда Балық»  ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 10 жыл», медальдарымен, бірнеше рет облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен, Арал, Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының грамотасымен  марапатталған.

Отбасылы, бір бала, төрт немере тәрбиелеп отыр.

VІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

 

САЙЛАУАЛДЫ бағдарламасы

 

- «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде Елбасы, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт Жоспары-100 нақты қадам» реформасын жүзеге асыру мақсатында және «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінде қабылданған бағдарламаны басшылыққа ала отырып, реформаның облыс көлемінде атқарылуына бақылау жасауға ықпал ету.

- Елді мекендердің әлеуметтік жағдайының, экономикасының дамуына, азаматтардың әл-аухатының бұдан әрі өсуін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жасау.

- «100 нақты қадамда» айтылған сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын-алу шараларын жасауға ықпал ету.

- «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасына сәйкес жұмыссыз және жұмыспен аз қамтылған азаматтарды қоғамдық жұмысқа араластыруға ықпал жасай отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды іске асыру, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға банктер арқылы несие алу мүмкіндіктерін қарастыруға көмектесу.

- Жастар саясатын жүйелі түрде жүргізуге, жастар арасындағы жұмыссыздықты жою мен олардың демалысын өз деңгейінде ұйымдастыруға күш салу.

- Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен Сырдария өзенінің «Әлсейіт» өткелінен көпір салуға, «Қарлаң» көпірін тездетіп салуға қаржы бөлдіруге ықпал жасау.

- Ауыл тұрғындарының әлеуметтік проблемаларының бірі, экономиканың күре тамыры автожол қатынасын жақсарту мақсатында қолға алынған Әлсейіт– Бекарыстан би – Ақжона – Ү.Түктібаев – Жалпақ – Қарлаң айналма жолын күрделі жөндеуге және Бозкөл – Кәукей аралығындағы жолдардың құрылысын салуды қажетті қаржымен қамтамасыз етуге ықпал жасау.

- Білім беру саласының материалдық базасын жақсарту мақсатында Бірлік, Майдакөл, Лахалы, Шәкен, Шилі ауылдарында мектептер салуға және мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінуіне ұсыныс беру.

- Кәукей, Лахалы, Бекарыстан би ауылдарындағы көлдер жүйесін суландыруға және балық шаруашылығын дамытуға ықпал жасау.

- Халық денсаулығы – елдің байлығы. Осы мақсатта Шәкен, Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Ү.Түктібаев, аудан орталығындағы апаттық жағдайда тұрған аудандық аурухана құрылысын салуға ықпал ету.

- Қызметтік пайдалану мерзімі біткен, апатты жағдайдағы Майдакөл, Шәкен, Тасарық ауылдарындағы клуб құрылысын салуға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінуіне жұмыс жасау.

- Ауыл жастарын салауатты өмір салтымен тәрбиелеу және денешынықтыруды одан әрі дамыту мақсатында Бозкөл, Өркендеу, Ақтан  батыр, Майдакөл, Бірлік, Кәукей, Тасарық, Шәкен, Аранды, Лахалы ауылдарынан жаңадан жасанды спорт алаңдарын салуға ықпал ету.

- Қызылқұм, Бозкөл, Лахалы, Тасарық елді мекендеріндегі балық аулайтын көлдерге Сырдария өзені арқылы мерзімді кезеңде су берудің   лимитін белгілеуді жоғары орындардың басшыларына мәселе етіп қоюға күш салу.

- Бозкөл, Қожабақы, Аранды, Ү.Түктібаев, Бекарыстан би ауылдарының тұрғындарына азық - түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында бақша дақылдарын егуге ықпал жасау.

- Лахалы, Отгон, Тасарық елді мекендеріндегі тұрғындардың жол қатынасын жақсарту мақсатында Қуандарияда орналасқан «Нұрхожа» көпірін жаңадан салу үшін қаржы бөлуге ықпал жасау.

- Жұбан елді мекенінде су тұщыту қондырғысын орнатуға күш салу.

- Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Қожабақы, Бірлік, Ақтан батыр, Бозкөл, Ү.Түктібаев, Өркендеу, Абай елді мекендерінің орталықтарындағы көшелерді орташа жөндеуден және Абай аулына кіреберіс жолдарды, Абай-Өркендеу жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлуге ұсыныс беру.

- Әйтеке би кентіндегі жаңадан ашылған 4-ші квартал аумағына инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауыз су, аяқ су, жол, электр құрылғыларымен қамтамасыз етуді қолға алу.

- Округке қарасты кент аумағы көшелерін түнгі жарық шамдарымен қамтамасыз етуді қолға алу.

- Жастар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында округке кіретін Әйтеке би кентінің аумағынан 2 (екі) жасанды спорт алаңын салуға қаржы бөлуді бақылауға алу.

Құрылған күні: 02-02-2015 12:33
Жаңартылған күні: 22-04-2016 15:09

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика