ЕСЕНОВ РАСУЛ ӘБУТӘЛІПҰЛЫ

№ 12 «Тереңөзек» сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты,

Экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

 

1973 жылы 26 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

1988-1991 жылдар аралығында аудандық №10 орта кәсіптік оқу орнында білім алған.

1991-1995 жылдар аралығында Қарағанды педагогикалық институтына түсіп, аталған институттың толық курсын «Еңбек, есептеу техникасы және информатика» мамандығы бойынша аяқтаған.

2004-2008 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Заңтану» мамандығы бойынша оқып, екінші жоғары білім алған.

1999 жылы «Углесбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, қазіргі уақытқа дейін «Углесбыт» ЖШС және ЖК «САК»   мекемелерінің құрылтайшысы және директоры қызметтерін қоса атқарып келеді. 

«Жауынгерлік айбыны», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне-20 жыл», «Қазақтан мәслихаттарына-20 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, ҚР Құрылыс және тұрғын-үй істері агенттігінің Құрмет грамотасымен, Қызылорда  облысының, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен, «Үздік салық төлемгері» атағымен марапатталған.

Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.

ІV, V шақырылымдарда Сырдария аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. VІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

 «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

- ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, облыс және аудан әкімінің қабылдаған түрлі бағдарламаларын жан-жақты қолдай отырып, облыс халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, егеменді еліміздің көкейтесті де маңызды мәселелерінің оңтайлы шешілуі үшін еңбек ету.

- Округтегі толық шешімін таппай жүрген ауыз су, аяқ су мәселелерінің толығымен шешілуіне бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып ықпал жасау.

- Осы округке қарасты ауылдардың жақсаруына, елді-мекендерді таза ауыз сумен және аяқ сумен қамтамасыз етуге, көшелерге электр жарықтарын орнатуға және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге үлес қосу.

- Ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын дамытуға, атап айтқанда «Сыбаға», «Алтын асық», «құлан» т.б. бағдарламаларына сәйкес ет пен сүт өнімдерін арттыруға, сонымен қатар көкөніс пен бақша дақылдарын дамыту үшін облыстық бюджеттен  қаржы бөлуге атсалысу.

- Кәсіпорындар мен шаруашылыққа қызмет атқаратын жұмысшылардың жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да атаулы көмектердің дер кезінде берілуіне ықпал жасау.

- Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу бағдарламасы аясында жастарға арнап жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ауыл жастарының кемелденіп дамуына және олардың абыройлы еңбек етулеріне жағдай жасау.

- Аудан көлеміндегі елді мекендерді табиғи газбен жедел қамтамасыз ету туралы мәселені жоғарғы өкілетті органдар мен мекемелер алдына қойып, оның іске асуына ықпал ету.

- Кәсіптік-техникалық, жалпы білім беретін мектептердің, мектепалды дайындық мекемелерінің, балабақшалардың оқу-тәрбие жұмыстары сапасының артуына, ақпараттандырылуына және олардың ғимараттарына жай, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау.

- Денсаулық сақтау саласының сапалы қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

- Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, жас ұрпақтың ішімдіктен, нашақорлықтан, тағы да басқа жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуларының алдын алу жүйелерін қалыптастыру мақсатындағы іс-шараларға белсенді түрде араласу.

- Әйел-аналардың қоғамда лайықты орын алуына айрықша көңіл бөлу.

- Бұқаралық спортты дамытуға белсене араласып, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға жағдай жасау.

- Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар, қарттар мен мүгедектер, жалғызбасты аналар, асыраушысынан айрылғандар, еңбек және соғыс ардагерлері сияқты әлжуаз топ өкілдерін барынша қолдау жасау.

-  Жұмыс беруші, жұмысшы мемлекет арасындағы қарым-қатынастар-ды реттейтін актілердің әділетті болуына, дәл орындалуына өкілетті органдардың бақылауын күшейту.

 

Құрылған күні: 02-02-2015 12:41
Жаңартылған күні: 22-04-2016 15:57

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика