Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

БИСЕНОВ  ҚЫЛЫШБАЙ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ

№ 17 «Мектеп» сайлау округінен  сайланған облыстық мәслихат депутаты, 

Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

 

1957 жылы 21 шілдеде Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.

1979 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын үздік дипломмен  бітірген.

1979-1980 жылдар аралығында В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институттың «Темірбетон құрастырмалары» кафедрасында стажер-зерттеуші болып еңбек жолын бастаған.

1980 жылдан бастап Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында оқытушы болып қызмет атқарған.

1985 жылы Мәскеу қаласында КСРО Құрылыс жөніндегі  мемлекеттік комитетінің Бетон және темірбетон ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертация қорғаған.

1986-1990 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында аға оқытушы, факультет деканы, директордың орынбасары, 1990-1996 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректоры болып қызмет атқарған.

1995 жылы Ресей Федерациясы Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында докторлық диссертацияны табысты қорғаған.

1996-1998 жылдары  Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының ректоры, 1998-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры болып еңбек еткен.

1998-1999 жылдары  «ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевқа қолдау көрсетудің қоғамдық штабы» ҚБ (ОО) Қызылорда филиалының төрағасы.

1999 - 2002 жылдарда  «Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі.

2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының Қызылорда облыстық бөлімшесінің басшысы болып қызмет атқарған.

2006-2007 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда филиалының төрағасы болып сайланған.

2007-2011 жылдары Қызылорда облысынан партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

2011 жылдың 12 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалған.

«Құрмет» орденімен,  «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері»,  «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерін иеленген. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алған. 1996, 2005, 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен марапатталған.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланған.

180-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10  монография, 26 өнертапқыштық патент пен куәліктің, 7 оқулықтың авторы. 3 ғылым докторын, 7 ғылым кандидатын және 1 философия докторын (PhD) дайындаған.

Отбасылы, 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірген, немерелері бар.

І, ІІ, ІІІ, V шақырылымдарда  Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.

VІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

  •  Елбасымыздың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының жүйелі жүзеге асуына белсенді түрде жұмыс жүргізу;
  •  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде округте жол жөндеу және жарықтандыру жұмыстарының  сапалы іске асуына қажетті қолдау көрсету және уақытылы орындалуын бақылау;
  •  Қызылорда қаласының Бас жоспарына сәйкес қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бағдарламалардың орындалуына қолдау көрсету;
  •  индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қабылданған инвестициялық жобалардың іске асуына және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына белсенді қолдау көрсету;
  • көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақыны әлеуметтік төлемдер түрлерінің жалпы сомасына теңестіру бағытында жұмыс жүргізу;
  • жас отбасыларын, әлеуметтік әлсіз топтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында неғұрлым қолжетімді және сұранысқа ие жалға берілетін тұрғын үйлердің санын көбейту үшін белсенді жұмыс жасау;
  • еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті  мамандар даярлау үшін жоғары және арнаулы оқу орындарын тиімді басқару жүйесін жетілдіру үшін жұмыс жүргізу;
  • ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу мен технологияларды коммерцияландыру үшін тиісті мекемелермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға қол жеткізу;
  • 2016-2017оқу жылынан Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін  облыстағы жалпы білім беретін мектептерге жүйелі әрі сатылы түрде енгізуге ықпал жасау;
  • 2017 жылдан бастап Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа білім беру жобасын жүзеге асыруға белсенді жұмыс жүргізу;
  • өңірдегі мектептердің, әсіресе шағын жинақты мектептердің педагог-кадрларға деген сұранысын ескере отырып, қосарланған мамандықтар бойынша мектеп мұғалімдерін даярлауды қалыптастыру;
  • экономикалық қауіпсіздіктің алдын алу, көлеңкелі экономиканы болдырмау, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қоғамда жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлде төзбеушілік ахуалын қалыптастыру үшін жүйелі насихат жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

Құрылған күні: 02-02-2015 12:49
Жаңартылған күні: 22-04-2016 16:49

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика