Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары туралы

 

Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы –  

№ 1 «Қызылжарма» сайлау округінен

сайланған депутат

Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы 1977 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылындағы №144 С.Әлжіков атындағы орта мектепті бітірген. 1992-1995 жылдар аралығында Қызылорда ауылшаруашылық техникумының  «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша бітірген. 1995-1999 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша оқып бітірген. 1999 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып жұмыс жасайды. 2005 жылдан бастап «Аквалайн» ЖШС-де директор қызметін және 2005 жылдан бастап «Қызылорда облысы каратэ-до және күрес өнері федерациясы» президенті қызметтерін атқарады. 2008 жылдан бастап «Скиф Трэйд» Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінде. 2010 жылынан бастап «Скиф Трэйд» ЖШС-нің директорының филиалдармен жұмыс жасау жөніндегі орынбасары.  «Каратэ-до» спорт түрімен 1990 жылдан бастап айналысып, «Каратэ-до» шығыс жекпе-жегінің қара белбеу 1-дан иегері, каратэ-до шотоканнан Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы. 1996-2008 жылдар аралығында каратэ-додан жаттықтырушысы болып жұмыс атқарып, әр түрлі республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздарын тәрбиелеген. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. 2006 жылы Токио қаласында өткен Әлем біріншілігінде 3-ші орын алған Ә.Орынбасаровты тәрбиелегені үшін Қазақстан Республикасы Шито-рю Каратэ-до Федерациясы дипломымен марапатталды. 2010 жылы Қызылорда облысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қызылорда облысына 70жыл» медалімен марапатталды. 2010жылы «Сыр мейрімі» акциясына белсене қатысқаны үшін «Атамекен» ҰЭП Хатымен және «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында ұйымдастырылған «Сыр мейрімі» акциясына үлес қосқаны үшін Қызылорда қаласы әкімі М.Жайымбетовтың алғысымен марапатталды. 2011 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына бірінші рет сайлануы. Отбасылы, бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

 

 

 

 

Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы – 

№ 2 «Ғарышкер» сайлау округінен

сайланған депутат

1957 жылы 10 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылорда қаласындағы №10 Ы.Алтынсарин  атындағы  орта мектепті,  1979 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын, 2000 жылы Москваның Мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін бітірген. 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ  мемлекеттік ұлттық университетінде философиядан ғылым кандидаттығын қорғаған. 1974-1993 жылдары жұмысшы, студент, №181 орта мектеп мұғалімі, №144 орта мектеп директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1993-1995 жылдары қалалық білім бөлімінің инспекторы, қала әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің маманы, консультанты, 1995-1996 жылдары Қызылорда қалалық жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы болған. 1996-1998 жылдары қала әкімшілігі ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 1998-2004 жылдары облыс әкімі аппаратында ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 2004-2007 жылдары  Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2012 жылдың 23 қаңтарына дейін  IV шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы. 2012 жылдың 23 қаңтарынан V шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы. Қызмет барысында 2002 жылы Москва қаласында, 2006 жылы Америка Құрама Штатында, 2009 жылы Германияда, 2010 жылы Францияда, 2011 жылы Англияда тәжірибе алмасу іссапарында болған. Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хатымен және «Қазақстан Республикасы парламентіне 10 жыл», «Астана – 10 жыл», «Қызылорда облысына – 70 жыл», «Қызылорда қаласына -190 жыл» мерекелік  медальдарымен және «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталған. Отбасылы. 2 қыз, 1 ұлы бар. Балалары жоғарғы медициналық, экономикалық, ақпараттандыру мамандықтары бойынша білім алып, бүгінде мемлекеттік қызметте. Бәрі үйленген. 

 

 

 

Мұсабаев Ыбрайхан Мұсабайұлы –

№ 3 «Әл-Фараби» сайлау округінен

сайланған депутат

1956 жылы қарашаның 17 жұлдызында Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылында, шаруалар отбасында дүниеге келген. 1964 жылы сегізжылдық мектептің табалдырығын аттап, 1972 жылы мектепті аяқтаған соң Қызылорда политехникалық техникумына оқуға түсіп, 1976 жылы техник-құрылысшы мамандығына ие болған. 1976-1978 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1978-1982 жылдары спорт жұмыстарын жақсарту жолдарын саласында тер төккен. 1979 жылы бокстен КСРО спорт шебері атағын алған. Спортта жеткен жетістіктері:

- Қазақстан Спартакиадасының жүлдегері;

- Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері;

- Бүкіл одақтық «Королев» атындағы турнирдің жеңімпазы;

- Бүкіл одақтық «Еңбек резервтері» орталық комитетінің жеңімпазы;

- КСРО кубогінің жеңімпазы;

- Бүкіл одақтық «Еңбек резервтері» орталық  комитетінің құрама командасының мүшесі;

1982-1992 жылдары бокстан жаттықтырушы, облыстық жасөспірім балалар спорт мектебінің аға жаттықтырушысы, Қызылорда облысының бокс құрама командасының аға жаттықтырушысы болған. 1992 жылдан бастап жеке кәсіпкер, 1995 жылдан бастап Қызылорда қаласының экологиялық – санитарлық жағдайын жақсарту барысында қызмет көрсететін «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС –нің директоры қызметін атқарып келеді. «Қызылорда қаласына 190 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ерен еңбегі» үшін мерекелік  медалдарымен марапатталған. Қызылорда қалалық мәслихатының төртінші және бесінші шақырылымының  депутаты. Отбасылы, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.

 

 

 

 

 

Жұмашева Гүлнар Хамзақызы  

 № 4 «Абай» сайлау округінен

сайланған  депутат

1961 жылы 4 ақпан Ақтөбе облысы Мартук районы Андреевка ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетін бітіріп, акушер-гинеколог мамандығына ие болды. 2004-2006 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетеін аяқтап, экономика бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді. Медицина институтын бітірген соң Қызылорда қаласындағы қалалық перзентханасынан еңбек жолын дәрігер ретінде бастап, кейін №3 қалалық емханасында аймақтық акушер-гинеколог дәрігер ретінде 1989 жылдан 1996 жылға дейінгі мерзімде жұмыс атқарған. 1996 жылдан 1998 жылдар аралығында емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары; 1998-1999 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасында реформалау, маркетинг және информатизация бөлімінде жетекші маман; 1999-2001 жылдар аралығында халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру және мамандармен жұмыс бөлімінде бас маман; 2001-2003 жылдар аралығында – облыстық бас акушер-гинекологы; 2003 жылдан бастап қалалық перзентхананың бас дәрігері; Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 23жыл. 2001 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісіне ие болды. Жоғары санатты әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы. Жоғарғы санатты акушер-гинеколог. Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі. Астана қаласында өткен Республикалықбірінші әйелдер съезінің делегаты. 2011 жылы Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2011 жылы желтоқсан айында ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрайымының алғыс хатымен марапатталды. Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына бірінші рет сайлануы. Отбасылы. 1 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

Ережеева Айсұлу Бимұрзақызы –

№ 5 «Береке»  сайлау округінен

сайланған  депутат

 1959 жылдың 13 қазаннында Қызылорда қаласында шаруа отбасында дүниеге келген.1967 жылы «Ворошилов» атындағы №3 орта мектепті оқып бітірген соң, еңбек жолын 1977-1978 жылдары ТАиР-де жұмысшы болып  жасаған. 1978 жылы жұмыс жасай жүріп, Москва сауда институтына оқуға түсіп, 1983 жылы тәмәмдаған. 1983-1994 жылға дейін сауда саласында мамандығы бойынша жұмыс жасай бастайды. 1997 жылға дейін Қызылорда қаласы бойынша №2 мектептерді тамақтандыру комбинаты директорының орынбасары қызметін атқарды. 1997-2004 жылдар аралығында өндірісте қарапайым аспаз болады. 2004 жылдан бастап «К-Юг сервис» ЖШС-де маман ретінде жұмысқа кіріседі. 2005-2007 жылдар ішінде «К-Юг сервис» ЖШС директорының орынбасары, ал 2007 жылдан күні бүгінге дейін осы кәсіпорынның директоры болып қызметін абыроймен атқарып келеді. Өз қызметін ойдағыдай атқарумен қатар ол басқаратын кәсіпорын үнемі қайырымдылықпен айналысады, тұрғындардың нашар қамтамасыз етілген бөлігіне қолдан келген көмегі мен қамқорлығын жасайды. Мәселен, оның басшылығындағы кәсіпорын 2005 жылдан бері «Соқырлар» қоғамына демеушілік көрсетіп келеді. Сол сияқты білікті басшы «БатысЕуропа-БатысҚытай» халықаралық автожолының құрылысшыларын тұрақты тамақтандырумен қамтамасыз етуде. 2007 жылы «Макаренко» атындағы жетім балалар уйі де аталған кәсіпорыннан көмек алған. Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына бірінші рет сайлануы. Отбасылы, жанұясында екі ұлы мен екі немересі бар.

 

 

Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы–    

№ 6 «Мұнайшы» сайлау округінен

сайланған депутат

1957 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Төменарық станциясында дүниеге келген.

 1974 жылы Жұлдыз кеншарында №52 мектепті үздік бағамен бітірген. 1974 жылы жоғарыдағы аталған кеншарда жұмысшы болып бастаған. 1975 жылы Қазақ политехникалық институтына түсіп, 1980 жылы жер асты суының инженері мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Қазақстан Республикасының Мелиорация және Су шаруашылығы Министрінің жолдамасымен Қызылорда облысының Мелиорация және Су шаруашылығы басқармасына жұмысқа орналасқан.

1980-1984 жылдар аралығында инженер, аға инженер қызметтерін атқарған. 1984-1987 жылдары Облыстық ауылшаруашылығын ауыз сумен қамтамассыз ететін басқарманың Қызылорда жөндеу басқармасында бас инженер қызметін атқарған.

1987-1996 жылдар аралығында Облыстық ауылшаруашылығын ауыз сумен қамтамассыз ету басқармасының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженері қызметтерін атқарған. 1996 жылдан бүгінге дейін «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалының «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің бастығы қызметін атқаруда.

2007-2011 жылдары №18 Наурыз сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық маслихатының депутаты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына Ел басының алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясының I-ші орынбасары Нигматуллиннің алғыс хатымен марапатталған.

Отбасылы, 3 бала, 3 немере тәрбиелеп отыр.

 

 

 

Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы –  

№ 7 «Ақмешіт» сайлау округінен

сайланған депутат

Қызылорда қаласы, Александровск поселкесінде (қазіргі Талсуат ауылы) 15 қаңтар 1965 жылы туылған.

1981жылы Қызылорда қаласындағы  №144 В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітірген.

1984жылы Қызылорда политехникалық техникумында «гидромелоративтік механикаландыру» мамандығын иеленді.

1984-1986жылдары Кеңес армиясы қатарында Отан алдындағы борышын өтеді.

1986-1991жылы Новосібір аграрлық университетін  «ауылшаруашылық инженері» мамандығы бойынша  бітірген.

2006-2008жылдары Қызылорда гуманитарлық университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған.

Алғашқы еңбек жолын 1991-1993 жылдары  Қызылорда облыстық Арал аймақтық ауылшаруашылық ғылыми институтының аға ғылыми қызметкерінен бастады. Осы еңбек жолында  кәсіподақ комитетінің төрғасы қызметін қоса атқарды.

1993-1996 жылдары Қызылорда облыстық әкімшілік жанынан ашылған «Қызылорда сыртқы байланыс» мекемесінің директорының орынбасары болды.

1996-2000 жылдары «Нұр-Сәулет» ЖШС-мекемесінің бас директоры, 2000-жылдан «МетПромМонтаж» ЖШС құрылыс және гидромелиоративтік мекемесінің  бас директоры қызметінде.

Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы облыс және қала  жұртшылығына қазақтың салт-дәстүрі мен тілін, имандылықты насихаттаушы  ретінде танымал.

2002 жылдан бастап «Құлболды ишан Ата атындағы  қайырымдылық-қоғамдық қорының» төрағасы ретінде көптеген қайырымдылық іс-шаралар атқарды.

Жергілікті «Сыр бойы», газеті, «Қоғам ТВ» телеканалы арқылы «Киелі Сыр-тұрағым» айдарымен, «Өмір шуағы» бағдарламасымен туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту, халық арасындағы достық, ата-баба дәстүрінің тәрбиелік маңызын кеңінен насихаттау мақсатында мақалалар жарияланып, бағдарламалар жүргізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және облыс, қала әкімдерінің бірнеше рет алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

2007жылдан бастап Қызылорда қалалық  мәслихат депутаты.

Жанұялы, отбасында ұлағатты ұл-қыздарды тәрбиелеуде.

 

 

 

 

Кәрімбаев Мұхиджан Исмаилұлы –

№ 8 «Мерей» сайлау округінен

сайланған депутат

 1959 жылы  9 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1975 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматы энергетикалық институтына түсіп, 1980 жылы «инженер-электрик» мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы Алматы энергетикалық институтының жолдамасы бойынша Қызылорда қаласының «6-шы Жылуэлектрорталығына» жұмысқа түскен. 1981 жылы «Қызылорда электр жүйелері» кәсіпорнына НОТ инженері қызметіне ауысып, сол кәсіпорында инженер-электрик, аға инженер-электрик қызметтерінде жұмыс атқарды.

1984 жылы «Қалалық электр жүйелері» мекемесі бастығының орынбасары ретінде қызмет атқарған.  1988 жылдан бастап 1989 жылға дейін осы мекемеде қауіпсіздік қызметі жөніндегі бас инженердің орынбасары қызметін атқарды. 1989 жылдан 1997 жылға дейін  «Қалалық электр жүйелері» мекемесінің бастығы болып тағайындалды. 1997 жылдан 2007 жылға дейін «КРЭК» АҚ-ында 1-ші вице-президент қызметінде жұмыс атқарды. Сонымен қатар 1998 жылы Тараз мемлекеттік университетінің «инженер-экономист» мамандығын тәмамдаған. 2008 жылдан 2009 жылға дейін, «КРЭК» АҚ-на бас инженер болып тағайындалды. 2009 жылдың 28 ақпан айынан бастап «ҚЖЭО» МКК-ның директорының міндетін атқарып,  ал 2009 жылдың 30 наурыз айынан бастап «ҚЖЭО» МКК-ның директоры болып тағайындалды.

Қызылорда қалалық мәслихатының төртінші және бесінші шақырылымының депутаты.

Отбасылы,  үш қыз бала тәрбиелеуде.

 

 

 

Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы – 

№ 9 «Қорқыт Ата» сайлау округінен

сайланған депутат

1962  жылы  17 қаңтарда Қызылорда облысының Шиелі қыстағында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін өзінің қызметін Шиелі аудандық тұтыну қоғамының дайындау конторында жұмысшы болып бастаған. 1986 жылы Жамбыл жеңіл тамақ өнеркәсібінің технология институтын тәмамдағаннан кейін Армия қатарында әскери борышын өтеген. 1988 жылдың қазан айынан 1994 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облысы тұрмыс қажетін өтеу өндірістік бірлестігінде инженер, өндірістік техникалық бөлім бастығы болып қызмет атқарған. 1994 жылдың мамыр айынан 1996 жылдың шілде айына дейін Қызылорда қаласының әкімшілігінде өндіріс, құрылыс, көлік және байланыс бөлімінде кеңесші қызметінде болған. Қала әкімшілігінің ұсынылуымен 1996 жылдың шілде айынан 1997 жылдың тамыз айына дейін  ХПУ «Зеленхоз» мекемесінде басшылық қызметін атқарған. 1997 жылдың тамыз айынан шаруашылық есептегі «Ирригация» мекемесінің бастығы, «Қызылорда-Ирригация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің өндірістік азаматтық құрылыс мамандығы бойынша сырттай бітірген. 2006 жылы қазан айынан «Нұр Отан» ХДП Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген. 2002 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қызылорда қаласына  190 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»  мерекелік медалдарымен марапатталған.

Қызылорда қалалық мәслихатының екінші, үшінші,төртінші және бесінші шақырылымының депутаты.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

 

 

Әбдіреев Алтынбек Сембіұлы – 

№10 «Теміржол» сайлау округінен

сайланған депутат

1955 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматының теміржол институтына түсіп, 1977 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітірген соң осы институттың арнайы жолдамасымен туылған өлкесіне оралған. Еңбек жолын Қызылорда вагон жөндеу депосының вагон жөндеу цехының бригадирлігінен бастаған. Содан соң цех шеберлігіне, 1981-1995 жылдары депоның бас инженері, 1995-1998 жылдары депо бастығы, ал 1998-2001 жылдары Қызылорда аймақтық жолаушылар вагон шаруашылығы филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2001 жылдан бастап, қазіргі уақыттағы жаңа нарықтық экономика жүйесіне бейімделу барысында құрылған «Ремпассажирвагон-1» ЖШС-ң директоры қызметін атқарумен бірге еңбектегі тәжірибесін қаланың саяси өміріне ұштастырып, 1998 жылы №11 сайлау округінен қалалық мәслихат депутаты болып сайланса, 2003 жылы тағы да өз сайлаушыларының үлкен сенімін өзіне жүктеген. Депутат сайлау алдында берген уәдесін орындап, сайлаушылар үмітін ақтаған. Темір жол өндіріс саласында сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Транспорт Министрлігінің бұйрығымен 1996 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болған. 2005 жылы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша белсенді қоғамды қызметімен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет Грамотасымен марапатталған. А.С.Әбдреев басқарып отырған кәсіпорын Республика төңірегіндегі сипаттас кәсіпорындар арасындағы кәсіби біліктілерінің біріне айналды, 2005 жылы жеңіп алған мінсіз іскерлік үшін Швейцарияда берілген «IZAM» алтын медалі куәлігімен және «Қызылорда қаласына 190 жыл» мерекелік  медалімен, 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрі С.Ахметовтың Алғыс хатымен, 2010 жылы «Қазақстан Темір Жолы» «Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның Президенті А.Маминнің Алғыс Хаттарымен марапатталған.

Қызылорда қалалық мәслихатының екінші, үшінші, төртінші және бесінші шақырылымының депутаты.

Отбасылы, төрт бала, үш немере тәрбиелеп отыр.

 

 

 

 

Баекеев Мақсұт Әбдуәлиұлы –

№ 11 «Мәметова» сайлау округінен

 сайланған депутат

1955 жылы 26 қыркүйек айында туылған, қазақ, білімі жоғары. Шиелі ауданының орталығында №45 қазақ орта мектебін  бітірген  соң,  еңбек  жолын  Шиелі  астық тарату базасында жұмысшы болудан бастаған. 1977 жылы Қызылорда политехникалық техникумын, 1984 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын бітірген. Мамандығы инженер-гидротехник. Жоғары білім алған соң Қызылорда политехникумында өндірістік оқыту шебері, жатақхана тәрбиешісі, оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Қызылордадағы орта арнаулы оқу орындары Қызылорда аграрлы-техникалық колледжіне біріккен соң оқу бөлімінің меңгерушісі, директордың жаңа ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылы желтоқсанда «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының партиялық ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі – аппарат басшысы қызметіне ауысты. 2010 жылы тамыздан «Нұр Отан» ХДП Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқаруда.

1998-2006 жылдары Қазақстан Азаматтық партиясы облыстық комитеті төрағасының орынбасары болды. Облыстық экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті жанындағы Кеңестің мүшесі.

 Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20  жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Қызылорда қалалық мәслихатының төртінші және бесінші шақырылымының депутаты.

Отбасылы,төрт бала, бес немере тәрбиелеп отыр.

 

 

Мастеков Бауыржан Қайырбекұлы – 

№ 12 «Орталық» сайлау округінен

сайланған депутат

 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1995-2005 жылдары аралығында №140 Ж.Жабаев атындағы қазақ орта мектебінде білім алған. 2005-2009 жылдары аралығында «Болашақ» университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап «Болашақ» университеті жастар комитетінің төрағасы болып бастады. 2008 жылы «Болашақ» университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 2009 жылдың ақпан айынан бастап «Болашақ жастары» ЖҚБ-нің төрағасы қызметін қоса атқарды. 2009 жылы қала әкімі тағайындаған шәкіртақысының иегері. 2009 жылы Қызылорда облысы «Ауыл жастары Одағы» корпоративтік қорының директоры қызметін атқарды. 2009-2010 жылдары аралығында қызылорда облыстық жастар мәслихатының депутаты. 2010 жылы Қызылорда облысы бойынша «Ең үздік жастар ұйымы» номинациясының иегері. 2011 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда жастары» Қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады. Қазіргі таңда республика және облыс көлемінде жастар саясатын жүзеге асырыуға белсенді атсалысып келеді.

       Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына бірінші рет сайлануы.

 

 

 

 

 

Жұматов Талғат Тасболатұлы – 

№ 13 «Яссауи» сайлау округінен

сайланған депутат

1971 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Шиелі ауданы, Телікөл совхозындағы  №214 қазақ орта мектебін бітірген. 1989-1990 жылдары Телікөл совхозындағы фермада аға шопанның көмекшісі болып жұмыс атқарған. 1990-1995 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтында (ДГМСИ) оқып, инженер-құрылысшы мамандығын алған. 1995-1997 жылдары «МұнайТехСервис» АҚ-да қойма меңгерушісі. 1997 жылдан бастап «Олжас» ЖШС ашып, кәсіпкерлікпен айналысып, оны дамытып өз кәсібін жалғастырып келеді. Бүгінде Талғат Жұматовтар әулеті бірнеше отбасын жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Талғат Тасболатұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін таныту бағытында үнемі белсенділік көрсетіп отырады. Туып өскен Телікөл ауылындағы орталық мешітті күрделі жөндеуден өткізіп, осы ауылдағы бір көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізді. №214 орта мектеп жанынан балаларға арнап спорт кешенін салып берді. Қазір онда жыл сайын волейболдан дәстүрлі турнир өткізіліп тұрады. Қызылорда қаласындағы Макаренко атындағы жетім балалар үйіне де тұрақты түрде өзінің қамқорлығын көрсетіп келеді. Жұматов Талғат Тасболатұлы кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етудегі еңбектері үшін  «Қызылорда қаласының 190 жылдығы», «Шиелі ауданының 80 жылдығы», «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы» медальдарымен, облыс, қала әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына бірінші рет сайлануы.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

 

 

 

 

Медетбаев Әділбай Қаниұлы –  

№ 14 «Шұғыла»  сайлау округінен

сайланған  депутат

25 желтоқсан 1964 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1972-1982 жылдары №216 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепті бітірген. 1984-1986 жылдары Совет Армиясының қатарында болған. 1992 жылы Ақтөбе медициналық институтының «Емдеу ісі» факультетінің хирург мамандығы бойынша бітірген. 1992-1995 жылдары Қазалы аудандық ауруханасында дәрігер- хирург, 1995-2003 жылдары Жамбыл облысы Мерке аудандық ауруханасында дәрігер-хирург, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған. 2003-2005 жылдар аралығында қалалық  №2 емханаға қарасты «Гагарин» бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2005-2006 жылдары №5 емхананың бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған. 2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қызылорда қалалық «Қараөзек» ауруханасының бас дәрігері ретінде қызметін жалғастырған. 2008-2010 жылдары №5 қалалық емхананың бас дәрігері, 2010 жылдан бастап №6 қалалық емхананың бас дәрігері. Жоғары санатты дәрігер, ұйымдастырушы.

Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына бірінші рет сайлануы.

Отбасылы, екі ұлы, бір немересі бар.

 

 

 

Сақтағанов Қанағат Жанайбекұлы –  

№ 15 «Мұратбаев» сайлау округінен

сайланған  депутат

1966 жылы 8 сәуірде Қызылорда облысы Қазалы ауданында  туылған.

1983 жылы Қызылорда қаласындағы № 4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепті бітірген.

Білімі - жоғары, 1983-1990 ж.ж. Алматы сәулет-құрылысы институтында «Инженер-технолог» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген. Екінші жоғары білімі, 2005 ж.  Қызылорда инженерлік-экономикалық институтында «Қаржыгер» мамандығы бойынша білім алған.

1984-1986 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышын өтеген.

Еңбек жолын 1990 жылы Қызылорда қаласындағы «Мебель» фабрикасында – өндіріс шебері қызметінен бастап, өндіріс технологиясы бөлімінің бастығы, бас инженер, мекеме бастығы қызметтерін атқарған.

1997 жылы Қызылорда қаласындағы «Мебель» фабрикасының таратылуына байланысты, «Асар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашып, осы уақытқа дейін басқарады.

 2004 - 2005 ж.ж. Аймақтық конкурста  Облыс әкімінің  «Қазақстанның үздік тауарлары» II-ші дәрежелі дипломымен,  2007 ж.  «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту төңірегіндегі табыстар» атты аймақтық конкурсында «Жылдың Үздік кәсіпкері»  II-ші дәрежелі дипломымен және «Алтын сапа» аймақтық конкурсында «Халық үшін Үздік тауарлар» номинациясы бойынша дипломымен,  2007 ж. Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігі «Жылдың Үздік кәсіпкері» атты дипломымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Ә. Назарбаевтың  бірнеше рет  алғыс  хатымен,      «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне  10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. 

2007 жылдан Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

Отбасылы. 2 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

 

 

Ибраев Ғалым Әшімұлы –

№ 16 «Сәулет» сайлау округінен

сайланған депутат

1964 жылы 18 қаңтарда Қызылорда қаласында туылған. 1971-1979 жылдары №235 орта мектебінде оқып, 1979-1983 жылдары Қызылорда политехникумында оқып, техник-электрик мамандығы бойынша бітірген. 1984-1986 жылдар аралығында Кеңес армиясында әскери борышын атқарған. 1986 жылы Алматы қаласындағы энергетикалық институтына түсіп, 1991 жылы инженер-энергетик мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылдан бастап Қызылорда электрожелілерін тасымалдау компаниясының қалалық филиалында мастер, бас инженер болып жұмыс атқарған. «Қызылорда қаласына 190жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2000 жылдан 2009 жыл аралығында «Қалалық электр жүйесі» МКК-ның директоры. 2009 жылдан 2010 жылдары «КРЭК» ААҚ-ның бас инженерінің орынбасары.  2010 жылдың наурыз айынан бастап Жаңақорған аудандық электр торабының бастығы қызметін атқаруда. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап ҚЭТТК АҚ-ның қалалық электр торабында мекеме басшысы. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған.

Қызылорда қалалық мәслихатының үшінші, төртінші  және бесінші  шақырылымының депутаты.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

 

 

Қожаниязова Ләйлә Ақбергенқызы – 

№ 17 «Арай» сайлау округінен

сайланған депутат

1960 жылы 14 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1980 жылы – Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы институттың физика-математика факультетіне оқуға түсті. 1985 жылы институтты бітіргеннен кейін МИС- тегі №218 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1986 жылы Қызылорда қаласына келіп, теміржол стансасына қарасты №6 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, 5 жыл кәсіподақ комитетінің төрайымы, 1996-2004 жылдары осы мектептің директоры лауазымдық қызметтерін атқарған. 2004 жылдан бастап, қазірге дейін №101 орта мектебінің директоры лауазымдық қызметін атқарып келеді. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі. «Қызылорда қаласына 190жыл» медалі, қала әкімі, облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.

Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына бірінші рет сайлануы.

Отбасылы,  екі бала тәрбиелеп отыр.

  

 

 

Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы –  

№ 18 «Наурыз» сайлау округінен

сайланған депутат

1964 жылы 8 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. 1982 жылы №143 қазақ орта мектебін бітірген. 1982-1983 жылдары Киров совхозында Комсомол Жастар бригадасында жұмыс атқарған. 1983-1985 жылдары Совет армиясында азаматтық борышын өтеген. 1987-1995 жылдары Қызылорда облысында Ет комбинатында қойма меңгерушісі болып жұмыс атқарған. 1989 жылы Алматы қаласындағы Мал дәрігерлік оқу орнына түсіп, 1996 жылы бітірген. 1997 жылдан бастап «Арман» ЖШС-гін ашып, кәсіпкерлікпен айналысып, өз кәсібін жалғастырып келеді. Бүгінде Есжанов Мейрамбек 35 отбасын жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Мейрамбек Кеңесұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін таныту бағытында үнемі белсенділік көрсетіп отырады. Туып өскен ауылында жыл сайын қалалық, облыстық, республикалық дәрежедегі түрлі турнирлерге демеушілік жасап тұрады. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Амангелді ауылдық әкімшілігіне, Талсуат ауылдық округіндегі  №178 мектебіне демеушілік көмек көрсетті. 2009-2010 жылы өзінің ұщқан ұясында өзін күрес өнеріне баулыған бапкері, ұзтазы Құрымбаев Жұмабай атындағы республикалық дәрежедегі турнирге, жеңімпаздарға арналған жүлделі сыйлықтар мен турнирдің өтілу барысында ерекше көзге түскен палуандарға арналған бағалы сыйлықтарға демеушілік жасаған. Жыл сайын жетім балалар үйіне, қарттар үйіне және мүгедектерге демеушілік жасап отырады. Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етудегі еңбектері үшін «Қызылорда қаласының 190 жылдығы» медалімен, қала әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына бірінші рет сайлануы.

Отбасылы.

 

 

 

Қалжанова Разия  Қалжанқызы –

№ 19 «Тасбөгет» сайлау округінен

сайланған депутат

1953 жылы 30 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Бесарық елді мекенінде дүниеге келген. Білімі: жоғары, 1975 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының жаратылыстану фаукльтетін бітірген.

1975-1980жж. Қазақстан ЛКСМ  Сырдария аудандық комсомол комитетінің үшінші секретары;

1980-1983жж. Тұтынушылар қоғамы Сырдария аудандық кеңесінің төрағасының кадр жөніндегі орынбасары, бастауыш партия ұйымының хатшысы;

1984ж. Сырдария аудандық білім бөлімінің әдіскері;

1985-1997жж. Білім қызметкерлері Сырдария аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы;

1997-2008жж. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

05.02.2008 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚазГерМұнай ЖШС БК-ң әлеуметтік даму және бұхарамен байланыс бөлімінің бастығы болып абыроймен еңбек етіп келеді.

Марапаттаулар:

- Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі»;

- Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен;

- ВЛКСМ, Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеттерінің;

- Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының;

- Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орталық комитетінің;

- Білім министрлігінің;

- Казэнерджи компаниясының еліміздің мұнай-газ және энергетика кешенін дамытудағы айтарлықтай жеке үлесі және көп жылдық адал еңбегі үшін құрмет грамотасымен;

- Облыс әкімінің алғыс хатымен және Тасбөгет қыстағы әкімшілігі мен сол өңірдегі №11, №172, №176, №257 мектеп дирекциясының алғыс хаттарымен;

- Қызылорда Облыстық кәсіподақтар кеңесінің, Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамоталарымен;

- «Қызылорда облысының 70», «Қызылорда қаласының 190 жылдығына» орай мерекелік медалдармен;

- Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының 20 жылдығына орай мерекелік медалімен;

- Білім және ғылым қызметкерлері облыстық комитетінің  «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына бірінші рет сайлануы.

Отбасылы, 4 бала, 8 немере тәрбиелеп отыр.

 

 


 

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары

 

Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясы

 

МҰСАБАЕВ

Ибрайхан Мұсабайұлы

 

-

Комиссия төрағасы

ЕРНАЗАРОВ

Кайрат Шаршыбекұлы

 

-

Комиссия мүшесі

Сақтағанов

Қанағат Жанайбекұлы

 

-

Комиссия мүшесі

ӘБДІРАХМАНОВ

Шәріп Әкбарұлы

 

-

Комиссия мүшесі

АБДРЕЕВ

Алтынбек Сембіұлы

 

-

Комиссия мүшесі

ҚАЛЖАНОВА

Разия Қалжанқызы

-

Комиссия мүшесі

 

 

Әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясы

 

БАЕКЕЕВ

Мақсұт Әбдуәлиұлы

 

-

Комиссия төрағасы

ЖҰМАШЕВА

Гүлнар Хамзақызы

 

-

Комиссия мүшесі

ҚОЖАНИЯЗОВА

Ләйлә Ақбергенқызы

 

-

Комиссия мүшесі

МЕДЕТБАЕВ

Әділбай Қаниұлы

 

-

Комиссия мүшесі

НҰРЫМБЕТОВ

Жорабек Ибрагимұлы

 

-

Комиссия мүшесі

МАСТЕКОВ

Бауыржан Қайырбекұлы

-

Комиссия мүшесі

 

 

Өндіріс, шаруашылық және табиғатты қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

 

КӘРІМБАЕВ

Мұхитжан Исмаилұлы

 

-

Комиссия төрағасы

ИБРАЕВ

Ғалым Әшімұлы

 

-

Комиссия мүшесі

ЖҰМАТОВ

Талғат Тасболатұлы

 

-

Комиссия мүшесі

ЖАҚСЫЛЫҚОВ

Ғалымбек Жақсылықұлы

 

-

Комиссия мүшесі

ЕРЕЖЕЕВА

Айсұлу Бимұрзақызы

 

-

Комиссия мүшесі

ЕСЖАНОВ

Мейрамбек Кеңесұлы

-

Комиссия мүшесі

 

 

 

 

V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының

2015 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ

 

Қызылорда қалалық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

Қызылорда қалалық мәслихаты (бұдан әрі – «Мәслихат») қала тұрғындарының еркін білдіріп және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, атқарушы органдармен, сондай-ақ басқа да меншік нысанындағы шаруашылық етуші субъектілермен, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктермен өзара қарым-қатынаста бола отырып, келесі бағытталған іс-шараларды орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді.

 

1. Негізгі бағыт:

 

-   Мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер бойынша шешiм қабылдау;

- Қызылорда қаласының экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту;

-   Қызылорда қаласы әкімінің ұсыныс бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару схемасын бекiту;

-   Мәслихаттың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерi бойынша  шешім қабылдау;

-   Қызылорда қаласы әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмiмен тиiстi әкiмдiктiң дербес құрамын келiсу;

-   Атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау;

-   Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiне түскен ұсыныстарға сәйкес жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы өзгерістер енгізіп отыру;

-   Жергiлiктi бюджеттiң, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;

-   Облыстық тексеру комиссиясының қалалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есебiн қарау;

- Мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;

- Қызылорда қаласы әкiмінiң ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкiмдiк жанындағы консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын бекiту;

- Қызылорда қаласы әкiмінiң ұсынысы бойынша «Қаланың құрметтi азаматы» атағын беру;

- Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;

-   Мәслихатпен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу;

-   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

 

2. Мәслихат сессиясында:

 

-   Ауылшаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы (жауапты орындаушы – қалалық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Сопбеков);

-   2014 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы (жауапты орындаушы – қалалық қаржы бөлімінің басшысы А.Жұматов).

-   Мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған қосымша мәселелер.

(Мерзімі: 2015 жылғы І тоқсан.)

-   Қызылорда қаласы аумағындағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру және діни ахуалды қалыптастыру бағытындағы қалалық ішкі саясат бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы (жауапты орындаушы – қалалық ішкі саясат бөлімі);

-   Мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған қосымша мәселелер.

(Мерзімі: 2015 жылғы ІІ тоқсан.)

 

 

3. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістерінде:

 

Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия:

-   2014 жылғы Қызылорда қаласы бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін қарау.

(Мерзімі: 2015 жылғы І, ІІ тоқсан.)

Әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясы:

- Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

(Мерзімі: 2015 жылғы І, ІІ тоқсан.)

Өндіріс, шаруашылық және табиғатты қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы:

-   Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

(Мерзімі: 2015 жылғы І, ІІ тоқсан.)

 

4. «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі жұмыстары:

 

-   Қызылорда қаласы әкімінің, мәслихат депутаттары мен тиісті округтердегі тұрғындардың өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастыру;

-   Мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға ұйымдастырушылық, құқықтық, құжаттамалық және өзге де әдістемелік қолдау көрсету;

-   Мәслихат депутаттарының өз округ сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасау, оларды атқарушы және өкілетті органдар жұмыстарымен хабардар етіп отыру, мәслихат шешімдерінің, депутат сауалдарының орындауын бақылау, тиісті шаралар белгілеу;

- Мәслихатпен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерге құқықтық мониторингiн жүргiзу;

-   Жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ өзге де мекемелерден келіп түскен өтініштер мен хаттарды қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мерзімінде қаралуы мен жауап берілуін қамтамасыз ету.

 

(Мерзімі: 2015 жылғы І, ІІ тоқсан).

 

 

 

Қызылорда қалалық мәслихаты «Нұр Отан» Партиясы депутаттық фракциясының

2015 жылдың І жартыжылдығына арналған

ЖҰМЫС  ЖОСПАРЫ

 

Р\с

Атқарылатын  жұмыстар

Орындалу  мерзімі

Орындаушылар

1.

«Қазақстан 2050» стратегиясының талаптарын іске асыруға атсалысу

жыл бойы

Депутаттық фракция мүшелері

2.

ҚР Президенті, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру

жыл бойы

Депутаттық фракция мүшелері

3.

«Нұр Отан» Партиясының «Қазақстан.2017 Мақсаттары.Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасының мерзімді орындалуына ықпал жасау

жыл бойы

Депутаттық фракция мүшелері

4.

2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

жыл бойы

Депутаттық фракция мүшелері

 

5.

Депутаттық фракция мүшелерінің сайлауалды  тұғырнамаларының  орындалуы барысы жайлы өз округтерінде сайлаушылармен кездесулер өткізіп, есеп берулері мен қабылдауларын ұйымдастыру

тұрақты

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық партия филиалы

6.

Жеке және заңды тұлғалармен депутаттық фракция мүшелерінің қалалық партия филиалында қоғамдық қабылдауын ұйымдастыру

айына бір рет

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық партия филиалы

7.

Облыстық және аудандық мәслихаттардағы                                           «Нұр Отан» Партиясы депутаттық фракциясымен өзара тұрақты байланысты қамтамасыз ету

тұрақты

Депутаттық фракция жетекшісі

8.

«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында фракцияның кеңейтілген отырысы

қаңтар

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық партия филиалы.

9.

Фракция мүшесі Т.Жұматовтың сайлауалды бағдарламасының орындалуы барысы туралы есебі.

ақпан

Депутаттық фракция мүшесі Т.Жұматов

10.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Кедергісіз ортаны» құруды қаматамасыз етілу бойынша қызмет көрсету нысандарына фракция мүшелеінің рейді

ақпан

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық партия филиалы

11.

2014 жылғы Қызылорда қаласы бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының есебімен танысу

ақпан

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық бюджет бөлімі

12.

Ауылшаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан шаралар бойынша ауылшаруашылығы бөлімінің есебі

наурыз

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық ауылшаруашылық бөлімі

13.

2014 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы

наурыз

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық бюджет бөлімі

14.

«Жергілікті өзін - өзі басқаруды дамытуда - мәслихат депутаттарының ролі» қалалық мәслихат депутаттарының ауылдық округ өкілдерімен кездесуі

сәуір

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық партия филиалы

 

15.

Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысы

сәуір

Депутаттық фракция мүшелері,  қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

16.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға байланысты оқушы балалар мәслихаты мүшелерінің қатысуымен дөңгелек стол

сәуір

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық білім бөлімі

17.

«Қаланың шет аймағында инфрақұрылым...» қалалық  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің  есебі

 

мамыр

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі

18.

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту – жалпыхалықтық іс» депутаттық фракция мүшелерінің көпқабатты үйлердегі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысы бойынша  рейді

мамыр

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық тұрғын үй инпекциясы

 

19.

Қызылорда қаласы аумағындағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру және діни ахуалды қалыптастыру бағытындағы қалалық ішкі саясат бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары

маусым

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық ішкі саясат бөлімі

20.

Кәсіпкер - фракция мүшелерінің бизнесті жүргізу бойынша студент жастармен кездесуі

маусым

Депутаттық фракция мүшелері,

«Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалы

21.

«Нұр Отан» Партиясы депутаттық фракциясының  2015 жыл І жартыжылдық қорытындысы мен 2015 жыл ІІ жартыжылдық жоспары

маусым

Депутаттық фракция мүшелері,

қалалық партия филиалы

 

 

 

 

 

 

 

Қалалық мәслихат аппарат қызметкерлері туралы

 

Лауазымы

Тегі, аты-жөні

Жұмыс телефоны

  1.  

Аппарат басшысы

Құрманбекова Венера Мейрамқызы

 

26-19-44

  1.  

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Жалғасбаев Ерқыран Ертілеуұлы

27-42-07

  1.  

Ұйымдастыру бөлімінің

бас маманы

Оспанова Манат Медетбайқызы

40-09-55

  1.  

Ұйымдастыру бөлімінің

бас маманы

Сыздықова Әсел Қожахметқызы

27-42-67

  1.  

Ұйымдастыру бөлімінің

бас маманы

 

27-59-46

  1.  

Инспектор

Байменов Орақ Ақтілекұлы

 

26-47-05

  1.  

Инспектор

Бисембаев Ғазиз Қалыбайұлы

 

40-09-56

  1.  

Қабылдау бөлмесі

Мұқанова Әлия

27-46-03

27-60-76 ф.

 

 

Құрылған күні: 10-08-2016 09:22
Жаңартылған күні: 10-08-2016 09:22

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика