«Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облыстық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзеді, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметi туралы есептердi тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн белгiлейдi.

2019 жылға арналған «Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесі 16 адамды құрайды. Оның ішінде тұрақты негізде жұмыс жасайтын 1 депутат (мәслихат хатшысы), 6 мемлекеттік қызметшілер және 9 штаттан тыс қызметкерлер.

Депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсету үшiн және мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген штат саны мен бөлiнген қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппараты материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, және  ол шығыстар негізінен 001 «Облыстық мәслихат қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Облыстық бюджеттен Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылғы 001 «Облыстық мәслихат қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 63695,0 мың теңге қаржы қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

Құрылған күні: 11-11-2019 17:32
Жаңартылған күні: 18-11-2019 17:55

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика